Қазақстандық спортшы құзға өрмелеуден Париж олимпиадасына жолдама иеленді
Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спорттық құзға өрмелеу спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі Әмір Маймұратов Будапештте өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды. Отандасымыз жылдамдық бойынша финалға жетіп, ақтық сында тек қытайлық У Пэнге есе жіберді.
Осылайша екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке енген спортшылар олимпиадаға жолдама иеленеді. Ал отандасымыз жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Амир Закиров олимпиада ойындарына алғаш рет енген брейкингтен лицензияға ие болғанын жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

