Қазақстандық спорт клубтарының шетелге шығуына шектеу қойылды: Министр түсіндірді
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн-брифинг барысында қазақстандық спортшылардың спорттық жарыстарға қатысуы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коронавирустың таралуын болдырмау бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында 13 қазаннан бастап Президенттік "Астана" спорт клубына Қазақстан шекарасынан шығуға және қайта кіруге шектеу қойылады. Бұл шешім ВТБ лигасында санитарлық эпидемиологиялық шаралар енгізілгендіктен қабылданды. Мұндай шараларға қатысудан бас тартқан жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылған. Тіпті кейбір жағдайда спортшылар ойыннан шеттетілуі де мүмкін", - дейді Райымқұлова.
Сонымен қатар, мәдениет және спорт министрі кейбір спорт клубтарының шетелге шығуға рұқсаты бар екенін айтты.
"Сонымен қатар, сіздер футболдан ұлттық құраманың УЕФА лигасына қазіргі таңда үш құрама қатысып жатыр. Арнайы тізім жасалды", - дейді Райымқұлова.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"