Қазақстандық шорт-трекшілер әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді
Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен World Tour рейтингінде үздік бестікке енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен World Tour сериясының кезеңі аяқталды. Қазақстанның әйелдер құрамасы жарыста үшінші орын алып, әлемдік рейтингте үш сатыға жоғарылады. Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек және Алина Әжіғалиева эстафетада қола медаль иеленді. Бұл жетістік құрамамыздың World Tour рейтингіндегі орнын жақсартуға мүмкіндік берді. Команда сегізінші орыннан бесінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 142 ұпай бар. Ал жалпы рейтингте Канада 260 ұпаймен көш бастап тұр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

