Қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанды: Президент жас чемпионды құттықтады
Панамада өткен шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионатында 7 жастағы Малика Зиядин ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанды. Қасым-Жомарт Тоқаев жас чемпионды жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа 36 шахматшы қатысқан. Олардың әрқайсысы 9 ойыннан өткізген. Нәтижесінде Малика максималды 9 ұпай жинаған.
“Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін”, – деп жазылған президенттің құттықтау хатында.
Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр