Қазақстандық сейсмостанциялар тағы бір жер сілкінісін тіркеді
Қазақстандық сейсмикалық станциялар тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Бұл жолғы дүмпу Алматыдан 849 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сейсмикалық станциялар желісі төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 11 ақпанда Алматы уақыты бойынша 06:37:07 жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV 5.3. Тереңдігі – 30 шақырым.
- Алматыда енді аз қабатты ғимараттар көбірек салынбақ
- "1-қабатта кафе болған": Түркиялық әйел жер сілкінісі кезінде ұлы мерт болған ғимаратқа өзі зерттеу жүргізіп, кінәлілерді табуға көмектескен
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпарат жоқ екені айтылады.
Бұған дейін Алматы маңында магнитудасы 4.2 жер дүмпуі болғаны хабарланған.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған
