Алматы маңында таңертең магнитудасы 4.2 жер дүмпуі болған
Қазақстандық сейсмологтар 10 ақпан сағат 06:41-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 км жерде афтершокты тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жер дүмпуі Қытай аумағында болған.
"СОМЭ" ЖШС мамандарының деректері бойынша:
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.6.
- MPV магнитудасы: 4.2.
- Тереңдігі: 5 км
Алайда тұрғындар жер сілкінгенін сезбеген.
Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.
Сондай-ақ мамандар жер сілкінісі кезінде жер үй шын мәнінде қауіпсіз бе деген сауалға жауап берген еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”