Қазақстандық спортшы тәжірибелі аргентиналықты ауыр нокаутқа жіберді (видео)
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) про-рингтегі он бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол Монреалда (Канада) бокс кешінде Дэвид Лемье - Максим Бурсактың жекпе-жегінде өнер көрсетті. Ахмедовтың қарсыласы аргентиналық Хосе Виллалобос болды (12-5-2, 7 КО). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген, бірақ Садриддин жетінші раундта ауыр нокаутпен жеңді.
Осылайша, 21 жастағы қазақстандық өзінің кәсіпқой мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді, ол онын нокаутпен жеңіп алды. Аргентиналық спортшы алтыншы рет жеңіліске ұшырады.
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады