Қазақстандық рэпер Скриптонит музыкалық порталын іске қосты
Қазақстандық әртіс Скриптонит (Әділ Жәлелов) Karmapolitan музыкалық медиапорталын іске қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Karmapolitan.ru - музыка индустриясы мен мәдениеті туралы медиа-ресурс.
"Кармада музыкалық энтузиастар тобы жиналды, ол тыңдаушыға танымал музыканың жанрларын ашады", - делінген "Жоба туралы" бөлімде.
Мәскеуде медиапорталдың тұсаукесері өтті, оған Feduk, Монеточка, Sirotkin және Недра сияқты музыканттар қатысты.
Скриптониттің өзі де тұсаукесерде сөз сөйледі.
Порталдың жасалуына Скриптониттің Musica36 лейблі жауап береді.
Скриптониттің жеке музыкалық медиапорталды іске қосу жоспары туралы алғаш рет 2020 жылы белгілі болды. БАҚ-тың хабарлауынша, жоба шамамен бір жарым жылдан бері әзірленіп келеді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда