Қазақстандық рекордшы Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық жеңіл атлет Михзаил Литвин V Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын медаль иегері атанды. Жарыс Түркиядағы Коньеде өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан құрамасының қоржынында алтыншы алтын медаль! Жеңіл атлет Михаил Литвин – Коньедегі Ислам ойындарының чемпионы", – делінген хабарламада.
Отандасымыз 400 метрге жүгіруден чемпион атанды. Литвин бұл қашықты 44.94 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты.
Бұған дейін қазақстандық спортшылардың медаль есебі бойынша үздік үштікке енгені белгілі болған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

