Қазақстандық парадзюдошылар Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
Астанада парадзюдодан Азия чемпионатының жекелей сайыстары өз мәресіне жетті. Сайысқа 11 елден 100-ден астам спортшы J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте 2-орын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азия чемпионатының жекелей жарыстары бойынша медаль кетесіндегі үздік үштік келесідей:
Өзбекстан – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола;
Қазақстан – 4 алтын, 4 күміс, 6 қола;
Иран – 3 алтын, 2 қола.
Атап айтқанда Даяна Федосова (-57кг, J2), Ерғали Шамей (-73кг, J1), Альфия Тілекқабыл (-57кг, J1) және Жанбота Аманжол (-90 кг, J2) чемпион атанды. Күміс медаль алғандар қатарында Ақмарал Науатбек (-52 кг, J2), Ерлан Конкиев (+90 кг, J2), Бауыржан Арыстанбеков (-90 кг, J1) және Ғалымжан Смағұлұлы (-90 кг, J2) бар. Олжас Оразалы (-73 кг, J2), Динара Куджулова (-70 кг, J1), Зәуре Айтек (+70 кг, J1), Талғат Ажғалиев (+90 кг, J2), Ерлан Өтепов (+90 кг, J1), Дилором Диханова (-57 кг, J1) қола медаль еншіледі.
"25 жылдан бері Жаңа жылды тойламаймын": Қазақстандықтар не себепті айтулы мерекеден бас тартатындарын айтты
Жаңа жыл біздің отбасы үшін аса маңызды мейрамдардың қатарына кірмейді
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған

