Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық өнертапқыштар адамды тынықтырып, күйзелістен құтқаратын жаңа digital-алкоголь ойлап тапты

Қазақстандық өнертапқыштар Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен көрмеде адамды тынықтырып, күйзелістен құтқаратын жаңа digital-алкогольді таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Arbat.media порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Отандық өнертапқыштар цифрлық алкогольдің арнайы дыбыстың көмегімен жұмыс істейтін жаңа нейроқұлаққаптар арқылы жұмыс істейтінін көрсетті. Яғни кез келген шаршап, тыныққысы келген адам құлаққаптағы дыбыстарды тыңдаса болғаны, бірнеше секундтан соң оның әсерін сезініп, демала алады. 

“Біз әрқашан клиенттерге күйзелістен бірден, өте жылдам түрде көмектесуге мүмкіндік беретін әдістерді іздедік. Нәтижесінде бірден алты секундтан үш минутқа дейін демалуға болатын осындай технологияға – нейроқұлаққаптарға қол жеткіздік. Елестетіп көріңізші, мектептегі мұғалім күні бойы балалармен араласады. Ол ішімдік ішпейді, темекі шекпейді.  Жай ғана осындай құрылғыда көзін жұмып жатады. Ал үш минуттан кейін толығымен тыныққан, сау, бақытты адам ретінде ояна алады. Мемлекеттік қызметшілерге де, медициналық мекемелерге де, тіпті барлық жерде бұл құрылғы жақсы көмектеседі”, – деді көрме таныстырушылары. 

Талқылау