Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады
Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық оқушылардың қыста екі рет демалатынын мәлімдеді. Елімізде мектеп оқушылары қысқы каникулда 10 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com
Мектеп оқушыларына қаңтарда және ақпанда демалыс беріледі.
“Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар. Қысқы демалыс он күнге созылады, яғни оқушылар 2024 жылдың 30 желтоқсаннан 2025 жылдың 8 қаңтарға дейін демалады. Сондай-ақ бірінші сыныптарға қосымша демалыс беріледі. Ақпандағы демалыс 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанға дейін жалғасады”, – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Үшінші тоқсан – оқу жылындағы ең ұзақ тоқсан. Үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы бар. Көктемгі демалыс наурыз айына жоспарланып отыр. Ол 21 наурыздан 31 наурызға дейін 10 күнге созылады.
Соңғы төртінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Оқу жылы 2025 жылы 25 мамырда аяқталады.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 31 желтоқсанды жұмыс күні деп белгілеген еді.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады