Төрт күн демалады: Қазақстанда Жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтары аралығында демалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Министрлік 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күндерін ауыстыруды қарастыратын бұйрық жобасын әзірледі. Жұма, 3 қаңтардағы жұмыс күні 5 қаңтарға ауыстырылды.
"Қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтар аралығында демалады. Ал 5-6 қаңтар – жұмыс күні. Сейсенбі, 7 қаңтар – демалыс. Әрі қарай әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейміз. Бұл демалыс күндерін ауыстыру жұмыс уақытын тиімді бөлуге және демалыс үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұрғаны туралы жазғанбыз.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ