Қазақстандық ММА шебері Қытайдың ең үздік лигасында жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асылжан Таскет Қытайдың ең үздік лигасында жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Naiza
Naiza, Alash Pride сынды отандық лигаларда өнер көрсеткен Асылжан Таскет келесі жекпе-жегін Қытайдың ең үздік тұжырымы саналатын JCK ұйымында өткізеді. Шаршы алаңда 6 жекпе-жек өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жеткен отандасымыз 23 сәуір күні JCK Juecheng Night N83 турнирінде жергілікті спортшы Лу Каймен жұдырықтасады. Жартылай жеңіл салмақта өтетін кездесу турнирдің басты жекпе-жектерінің бірі болмақ.
Айта кетейік, бұл Асылжанның халықаралық аренадағы алғашқы жарысы. Ал Луй Кай UFC-ге жолдама беретін Road to UFC турниріне екі рет қатысып, бір мәрте жартылай финалға дейін жеткен.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр

