Қазақстандық министрлер қайта маска тақты
Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кезекті үкімет отырысы өтті. Қазақстандық министрлер жиынға көп уақыттан бері алғаш рет маска тағып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, соңғы күндері елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәулікте еліміз бойынша 187 жаңа дерек тіркелді. Ауырғандардың көп бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында.
Бір ғана тәуілкте елордада 37 жаңа дерек, ал Алматыда - 112 жаңа дерек тіркелді.
Бұған дейін коронавирус бойынша Алматының "сары" аймаққа өткені хабарланды. Енді алматылықтарға адамдар жаппай жиналатын жабық мекемелерде маска тағуға кеңес беріледі.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар