Қазақстандық косметика дүкені әйелдерге соққы ізін қалай жасыруға болатынын айтып, видео түсірді
Қазақстандағы косметика заттарын сататын дүкен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы видео түсірді. Онда соққыға жығылған бейнедегі әйел қазақстандық әйелдерге фирмалық косметика арқылы бетіндегі көгерген және контузия ізін қалай жасыру керек екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық косметика дүкені әлеуметтік желіде "Күйеуің ұрса, қандай косметика қолдану керек?" деген видео жариялады. Көп уақыт өтпей-ақ бейнебаянды 1,6 миллион адам көрген.
Бейнежазбаға түскен дүкеннің негізін қалаушы Әкім Жұлдыз да бетін әдейілеп көгертіп алған. Ол бет күтімі кезінде "құрамында қышқылы бар заттарды қолданбауға” кеңес берді. Себебі жарақат алғанда тері өте сезімтал болады. “Оның үстіне біздің өмірімізде уыттылық онсыз да жеткілікті" деп қосты ол.
Роликтің авторы сөзін: “Сіздермен бақытты жар, аяулы ана, жақсы келін – Жұлдыз. Менің кеңестерімді қолданыңыз” деп аяқтады.
Осыдан кейін экранда Қазақстандағы тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың статистикасы шығады. Бейненің сипаттамасында дүкеннің негізін қалаушы өз жазылушыларына қайырылған.
- "Шошаңдамай тыныш жүруі керек": Қарақат Әбілдинаның қыз тәрбиесі туралы айтқан ойы желіде қызу талқыланды
- "Коктейль ұсынды": Алматылық ару барда жолыққан бұрынғы танысын зорлады деп айыптады
“Бүлдіршін. Бойжеткен. Әйел. Әртүрлі кезең, бірақ біз жалғызбыз. Біз бір-бірімізді қолдап, түсінуіміз керек. Өйткені ер адам ешқашан босанудың, етеккір циклінің немесе босанғаннан кейінгі депрессияның не екенін түсінбейді. Біз Moodmart косметика дүкеніміз. Бірақ дүкенде қыздар жұмыс істейді, негізін салушылары қыздар, қонақтарымыз да қыздар. Елімізде және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғаларды көріп, жүрегіміз ауырады. Біз қалай көмектесетінімізді білмейміз, бірақ біз өз тарапымыздан осындай бейне түсіріп, көрерменің назарын осындай жаһандық мәселеге аударуға шешім қабылдадық. Иә, түсінеміз, бұл мұхитқа тамған тамшыдай. Бірақ егер әйел басқа әйелді түсініп, қолдаса, үлкен күш пайда болады деп сенеміз. Өйткені біз әйел ғана емеспіз, біз – анамыз, әпкеміз, қызбыз, жармыз, бала күтіп, мамандық алып жүрген адамдармыз. Біз күштірекпіз, данамыз және ешкімнің бізге қол көтеруге, ренжітуге, қорлауға құқығы жоқ”, – делінген сипаттамада.
Айта кетейік, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық ең үлкен мәселелердің бірі саналады. БҰҰ дерегінше, елде жылына кемі 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады. Былтыр желтоқсанда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы үкіметке тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық заңнаманы қатаңдату бойынша заң жобасын дайындауды тапсырды.