Қазақстандық қос теннисші Германияда өтіп жатқан турнирлердің ширек финалына жолдама алды
Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик АТР 500 турнирінде, ал жұптық сындағы үздігі Анна Данилина Германиядағы WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Александр Бублик екінші айналымда германиялық Ян-Леннард Штруффты жеңді. 2 сағат 16 минутқа созылған матч 6:3, 6:7, 6:3 есебімен аяқталды.
Александр Бублик енді жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, италиялық 21 жастағы теннисші Янник Синнермен ойнайды.
Ал Анна Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге германиялық теннисшілер Лаура Зигемунд пен ресейлік Вера Звонареваны 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Сюй Ифань чехиялық Катерина Синякова және Маркета Вондрусова жұбын жеңуі керек.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

