Қазақстандық қос балуан әлем чемпионатында алтын иеленді
Қазақстандық балуандар Данияр Қайсанов пен Юсуп Батырмұрзаев Қазақстан қоржынына екі бірдей алтын алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Балуандар сайысы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтті. 23 ақпан күні салмағы 74 кг Қайсанов өзінің үндістандық қарсыласын 3:1 есебімен жеңген болатын. Бұл - оның алғашқы алтын жүлдесі. Бұған дейін спортшы 2018 жылғы Азиадада күміс, 2019 жылғы әлем чемпионатында қола медальдарды иеленіпті.
Батырмұрзаев болса, 125 килограммға дейінгі категорияда жарысқа шығыпты. Ол өзінің Моңғолиядан келген қарсыласын 10:0 есебімен сұлатты.
Жалпы Үндістандағы чемпионатта қазақстандық спортшылар осымен 6 медальді алып отыр. Бұған дейін Әлішер Ерғали, Мейіржан Әшіров, Ілісхан Чилаев және Дәулет Ниязбеков аталған сайыста қола жүлделерді иеленіпті.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”