Қазақстандық қыз Грузияда түсініксіз жағдайда қайтыс болды
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грузияда 26 жастағы қазақстандық әйелдің өлімі туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасының хабарлауынша, Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева Грузияда түсініксіз жағдайда қайтыс болды.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қыздардың туыстары елшілікке өтінішпен жүгінгенін айтты.
"Қазақстандық әйелдің туыстары Қазақстанның Грузиядағы елшілігіне жүгінді. Қазір консулдық қызметкерлері ақпаратты тексеріп, грузин полициясымен байланыста", - деді Қазақстан СІМ.
Телеарнаның хабарлауынша, марқұмның немере ағасы қайтыс болар алдында қыз өзінің досына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтқан. Онда белгісіз ер адамның оны қалай зорлық-зомбылықпен қорқытқанын естуге болады.
Алдын ала болжам бойынша, Әсел Айтпаева бір ай бұрын ақша табу үшін Грузияға кеткен. Қыз бірнеше күн бұрын жақын адамдарымен байланысын тоқтатқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"