Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBO нұсқасы бойынша жылдың ең үздік орта салмақтағы боксшысы атанды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBO жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ Доминикан Республикасында өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) конвенциясында боксшы жылдың орта салмақтағы үздік боксшысы деп танылды.
"Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша жылдың ең үздік орта салмақтағы боксшысы деп танылды", - деп хабарлады қазақстандық боксшы өкілдері.
Айта кетейік, 30 жастағы Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте 19 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 11 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.
2023 жылы Мейірім бір жекпе-жек өткізді. Сәуірде Нұрсұлтанов жапондық Казуто Такесатоны (16-1-1, 15 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBO International чемпиондық атағын сәтті қорғап қалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"