Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкерлер Аlibaba мен Amazon-ға шығады

ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отандық кәсіпкерлердің халықаралық деңгейге шығу мәселесі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы сауда және интеграция министрі халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы кезінде айтқан болатын. Оның сөзінше қазіргі таңда елімізде Alibaba платформасына өндіруші орналастыру мәселесі қолға алынған. 

“Отандық кәсіпкерлерге заманауи жүйелерді қолдану және халықаралық платформаларға шығу бойынша қолдау көрсету мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Alibaba платформасына екі жылда 100 тұрақты өндіруші орналастырылды. Қазақстанның "алтын аккаунты" құрылды. Алдағы уақытта қатысушылар санын 150-ге жеткізу жоспарланған”, – дейді Бақыт Сұлтанов. 

Оған қоса, қазіргі таңда Amazon-мен келіссөздер жүргізілуде. 

“Сонымен қатар мамыр айынан бастап Amazon платформасында арнайы опция ашылып, біздің сатушылар өз жұмысын бастады. Осындай бірқатар нақты алаңдармен келіссөздер жүргізілуде”, – дейді Бақыт Сұлтанов. 

Талқылау