Қазақстандық каратэші Мәскеуде өткен турнирде топ жарды
Каратэ спортынан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Мәскеуде өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Мөлдір Жаңбырбай Мәскеуде аяқталған дәстүрлі "Moscow Universe Karate 2024" турнирінде топ жарды. Әлемнің 31 елінен 350-ден астам спортшы қатысқан дүрмекте әлем және Олимпиада чемпиондары бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. 50 келі салмақта бақ сынаған Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалда әзірбайжандық Фидан Теймурованы қиындықсыз жеңсе, финалда жарыс қожайыны ресейлік Камилла Гариповадан 2:0 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан тарихында алғаш рет каратэден әлем чемпионы атанған еді. Қазір әлемдік рейтингте ол екінші орында тұр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

