Қазақстандық гимнасшылар Португалиядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшылары Португалияда өткен "Шақырту кубогінде" үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова Португалияда өткен турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да үздік шығып, күміс пен қола жүлде жеңіп алды. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда күміс, таспамен жаттығуда қола жүлдегер атанса, Эрика Жайлауова доп жаттығуында күміс, ал шығыршықпен жаттығуда 4-орынға табан тіреді. Дегенмен көпсайыс қорытындысы бойынша Парфилова бесінші, Жайлауова 7-орынға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғанын жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты

