Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық гимнастшы Чехиядағы Гран-При турнирінде үздіктер қатарынан көріне алмады

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Айбота Ертайқызы Чехияда өткен Гран-При турнирінде жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарған Айбота Ертайқызы Чехияда өткен Гран-При турнирінің соңғы кезеңінде сол жетістігін қайталай алмады. Көпсайыс қорытындысы бойынша Айбота жетінші орын алып, үш жаттығу бойынша финалға шықты. Айбота ақтық сында ең үздік нәтижесін доп жаттығуында көрсетіп, төртінші орын алды. Ал таспамен жаттығуды бесінші орынмен аяқтаса, ұршық жаттығуында жетінші орынға тұрақтады. Осылайша, отандасымыз жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.

Айта кетейік, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының бір ғана жолдамасы бар. Шымкенттік Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған еді.   

Талқылау