Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды
Қазақстандық Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол ұршық жаттығуы финалында үздік деп танылды.
Екінші орын Тахмина Икромоваға (Өзбекстан) бұйырды. Үздік үштікті Ятин Жао (Қытай) түйіндеді.
Айта кетейік, Алина бұған дейін екі күміс жүлдемен марапатталған болатын.
Бұдан өзге қазақстандық Әділ Тілекенова тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Ол лентамен жаттығуда қола жеңіп алды. Бірінші орынды Жао иеленсе, екінші орынды Икромова алды.
Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен