Қазақстандық ғалым тісті бұрғылаусыз емдеу тәсілін ойлап тапты
Қазақстандық ғалым Бауыржан Айтуов тіс эмалін қалпына келтіретін технология ойлап тапты. Оның тісті бұрғылаусыз, отасыз емдеуге арналған өнімі тіпті шетелде де қолданылып жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бауыржан Айтуов "Болашақ" бағдарламасымен Йорк университетінде генетика саласындағы бакалавр дәрежесін алған. Қазақстанға оралғаннан кейін оқуын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да жалғастырған.
Жас ғалым әріптестерімен бірге бұзылған эмальді қалпына келтіру үшін амин қышқылдарынан амелогенин ақуызын жасанды түрде синтездеген. Оның айтуынша, оны кариестің алғашқы сатысында тіске тамызса, бір ай ішінде тіс эмалі қалпына келеді. Осылайша, дәрі тіс жегісін бұрғылаусыз, отасыз емдеуге мүмкіндік береді.
Бүгінде өнертапқыштың InnoDent технологиясы патенттелген. Препарат Алматы мен Астананың тіс емханаларында ғана емес, шетелде де қолданылып жатыр.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"