Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым елдегі коронавирус эпидемиясы қашан басылатынын айтты

Қазақстанда коронавирусқа шалдығудың шыңырау шегі наурыздың басына келеді. Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.  

Ғалым Вашингтон университетінің медициналық метрика және бағалау институтының деректеріне сүйене отырып осындай байламға келіпті. Аталған институт коронавирусқа шалдығу көрсеткіші бойынша сараптамалық жұмыстармен айналысады. Сондағы мәліметтер бойынша, еліміздегі осы вирусқа шалдығудың ендігі ең жоғарғы көрсеткіші наурыздың біріне келіп тұр. Сол күні елімізде ауырып жүргендер саны 18 603 адам болады деген болжам бар. Онан соң бәсеңдей түсуі тиіс. Мұның алдындағы жоғарғы көрсеткіш 29 маусымда болған. Онда науқас саны 33181 адамға жетіпті.

Маманның айтуынша, жағдайдың қалай өрбитіні Үкімет шараларына байланысты. Елде вакцина кеңінен қолданылып, жұрт түгел медициналық бетперде тағып жүрсе, көрсеткіш біраз азаюы мүмкін. Егер еш шара қолданбаса, жағдай тіпті ушығары сөзсіз дейді.

"Біріншіден, күн жылынып, жұрт жабық ғимараттан сыртқа шыға бастайды. Екіншіден, жәйлап ұжымдық иммунитет қалыптасады және жаппай вакцинациялау басталады деп отырмыз. Ол да вирустың таралуын тежеуі тиіс", - деді профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман.

Талқылау