Қазақстанның 14 жастағы футболшысы Португалия клубына шақырту алды
14 жастағы қазақстандық жасөспірімдер құрамасының қорғаушысы болған Ақжол Әбдірахманов Португалияның футбол клубына ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаттықтырушы Александр Кузнецовтың айтуынша, ол жас футболшымен Еуропада кездесіпті.
«Бұл бала қазақстандық жігіт. Оның жасы 14-те. Осы жылдың жазында футболшы Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен. Алғашында ол испандық академияда жаттығып жүрген, кейіннен оған Португалияға көшуге кеңес бердім. Қазір Ақжол Bsports академиясында футболға дайындалу үстінде. Оның қазіргі позициясы сол жақ қорғаушысы екен», - деді Александр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды