Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ағылшындық "Челси" клубына ауысады
"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев футболдық карьерасын "Челси" сапында жалғастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі metaratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: kazfootball.kz
Лондондық "Челси" футбол клубы Дастан Сәтпаевты өз қатарларына қосу туралы нақты шешім қабылдады. Жақын арада алматылық клубпен лондондық команда келісімшартқа қол қояды.
Трансферлік ауысым келесі аптада болады деп жоспарланған. Сәтпаевтың 18 жасқа толмауына байланысты келісімшарттың егжей-тегжейі әлі белгісіз.
Бұған дейін футболдан Қазақстан U-19 құрамасының шабуылшысы 2024 жылдың желтоқсан айында лондондық "Челси" клубында қаралымнан өткен еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
