Әйеліне екінші күйеу сыйлаған қазақстандық желіде қызу талқыға түсті (видео)
Әлеуметтік желіде ер адамның келіншегіне екінші күйеу сыйлаған видеосы қызу талқыланып, қазақстандықтардың таңданысын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Видеокадрда ер адам келіншегіне арналған сыйлық қорабын ашып, ішінен басқа бір азаматты шығарды.
Осы кезде бөлмедегі ерлердің бірі "Жарайсың!" деп айғайлаған.
Бұл әзіл немесе ұйымдастырылған ойын болуы мүмкін. Алайда желі қолданушылары ер адамның бұл іс-әрекетіне ашуланып, жарыса пікір жазған.
"Әйелін қызғанбаған еркек жәннаттың иісін де иіскей алмайды деген хадисте", "малдан айырмашылығың қалмапты ғой", "мынау не масқара, осындайларды жауапқа тарту керек", "бұл қылықтарын қолдамаймын", "құтылудың амалы сияқты", "өтірік түсірілім болар", "осындай ой салғандарға айыппұл төлету керек", – деп шүйлікті оқырмандар.
Еске салайық, бұған дейін мамандар екінші әйел болуға келісетін қазақстандық қыз-келіншектердің көбейіп кеткенін айтып, дабыл қаққанын жаздық. Олар әлеуметтік желілер мен танысу сайттарында тоқал болатынын ашық жарнамалайды екен. Әсіресе танысу сайттарында және неке агенттіктерінде “екінші әйел болуға дайынмын” деген жазбалар көп.