Қазақстандық ер адам соттың экс-қызметкерінен сатып алған үйіне кіре алмай жүр (видео)
Қазақстандық желіде Қарағанды қаласының сотында жұмыс істейтін азаматтан баспана сатып алып, оған кіре алмай жүргенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Айбек Жұмагелдинов есімді азамат анасымен бірге Балқаштағы үйін 11,5 миллион теңгеге сатып Қарағандыға көшіп келген.
"Қарағандыға келген соң жаңа баспана тауып, иесіне ақшасын төлеп, сатып алдық. Сосын үй иесіне өзім келіп тұратынымды айтып, босатуын сұрадым. Дегенмен үй иесі ешқандай ақша алмағанын жеткізіп, үйге кіргізбей қойды. Содан кейін сотқа ағым түсірдік. Анам екеуміз төрт жыл бойы сот табалдырығын тоздырдық. Осы оқиға анам күйзелістен қайтыс болды", – деді қазақстандық.
Кейін сот өтіп, Жұмагелдинов жеңіске жетіп, үйді сатқан адам ақшаны қайтаруға міндеттелген. Дегенмен ол ақшаны қайтармай, сот шешімін кешіктіріп жатыр екен. Оның үстіне ақшаны алған үй иесі Қарағанды сотында жұмыс істейді дейді.
"Ол Қарағанды қаласының сот маманы. Ол заңды бұзып қана қоймай, өз қызметін асыра пайдаланып, жауапкершіліктен жалтарып отыр. Егер Алтынгүл Чунгэл сот жүктеген міндетті орындамаса, демек оның құқық бұзушылық әрекетін біреу жауып отыр деген сөз", – деді қазақстандық.
Бұл іске әбден күйінгенін айтқан жігіт мемлекет басшысынан көмек сұрап отыр.
"Неге ол сот шешімін орындамайды? Әділдік қайда? Қарағанды сотының төрағасы Әріпов қайда қарап отыр? Бұл әділетсіздікті елемегеніне қарағанда, оның да қатысы бар сияқты? Сол себепті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраймын", – деді қазақстандық.
@msu.city @msu.city: Айбек Жумагельдинов: жертва судебного беспредела? Учитель физкультуры Айбек Жумагельдинов с мамой переехал в Караганду, продав квартиру в Балхаше за 11,5 млн тг. Они нашли жильё, передали деньги, но собственница заявила, что ничего не получала, и не впустила их в дом. Суды выиграны, продавца обязали вернуть деньги, но она работает в Карагандинском суде и затягивает исполнение решения. От стресса мама Айбека скончалась в 49 лет. Парень негодует: почему суд не исполняет свои решения? Где справедливость? Куда смотрит председатель Карагандинского суда Арипов Е.Р.? Раз он игнорирует подобную несправедливость, быть может сам причастен? Айбек обращается к Президенту Казахстана К.-Ж.К. Токаеву с надеждой на помощь! #токаев #рек #рекомендации #топ #караганда #слышащее_государство #популярное #тренды ♬ оригинальный звук - msu.city
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотынан мән-жайды сұрап білді.
Облыстық сот арыз беруші Айбек Жұмакелдінің талабы қанағаттандырылғанын жеткізді.
"2021 жылдың 24 маусымында Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының шешімімен Айбек Жұмакелдінің талабы қанағаттандырылған. Алтынгүл Чунгэл және Е. А. Мұқатаевтан Жұмакелдінің пайдасына 11 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сома, 1 033 272 теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы, өкілдің қызметіне байланысты 300 000 теңге мөлшерінде сот шығыстары өндірілген. Үлестік тәртіппен Алтынгүл Чунгэл мен Е. А. Мұқатаевтан Айбек Жұмакелдінің пайдасына мемлекеттік бажды қайтару 120 333 теңге, яғни әрқайсысынан 60 166 теңге көлемінде өндірілген. 2021 жылы қыркүйек айындағы сот шешімі заңды күшіне енген. Атқару парағы талап коюшыға қолма-қол табыс етілген", – делінген хабарламада.
Қарағанды облыстық сотының мәліметінше, айыпталушы тарапқа мәжбүрлеп орындату шараларын жеке сот орындаушылары жүргізеді.
“Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңның 7 бабына сәйкес заңда көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану жеке сот орындаушыларымен жүзеге асырылады. Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес”, – делінген сот хабарламасында.
Сондай-ақ облыстық сот қазіргі уақытта Алтынгүл Чунгэлдің Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде қызмет атқармайтынын жеткізді.