Қазақстандық дзюдошы Тәжікстандағы Гран-при турнирінде қола медаль иеленді
Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан Гран-при турнирі басталды. Жарыстың бірінші күні қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сұңғат Жұбатқан дебюттік раундтан өтіп, израильдік қарсыласын, содан кейін екінші турда Нурали Эмомалиді жеңді.
Ширек финалда қазақстандық спортшы ресейлік дзюдошы Мурад Шопановтан жеңілді, бірақ содан кейін Ұлыбритания өкілін жеңді.
Қола медаль үшін жекпе-жекте Жұбатқан испаниялық Адриан Нето Чинарроны жеңді.
Гран-приге 40 елден 315 спортшы қатысады. Әлемдік старт 4 маусымға дейін жалғасады.
"Қызым 6 ай оқуын жалғастыра алмады": Автобус қағып кеткен студенттің анасы істің жабылғанына наразы
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"

