Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық депутат халыққа 20 сотық жер таратып беруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың үй салып, жеке шаруашылықпен айналысуына 20 сотық жер бөліп беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттің баспасөз хатшысы: Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ

Депутат осылайша елдегі кедейлікті жойып, әл-ауқаты жоғары қоғам орнатуға болады деген пікірде. 

"Қазақстанның халық партиясы мұндай ұсынысты жайдан-жай жасап отырған жоқ. Бұл жай ғана уәде емес. Бүгінде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялардың бар бола тұра, қандай қоғам қалыптастырып жатқанымыз жайлы көзқарас кемде кем. Өкінішке қарай, алдағы бес жылға арналған жоспарымызда адамдардың тұрмыс деңгейі жайлы нұсқаулықтар жоқ. Ал халқымыз болса, барған сайын кедейлене түсуде. Халықтың доллармен есептегендегі табысы 2008 жылдан бастап көтерілудің орнына, керісінше, құлдырауда", - дейді мәжілісмен. 

Халықтың тұрмысының тағы бір маңызды өлшемі бар - лайықты тұрғын үй, өз жерінде өз үйін салу мүмкіндігінің болуы екендігін ескерген депутат халыққа жер үлестіріп беру мәселенің шешімі болмақ дейді. 

"Елімізде үйлер тұрғызылып, әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар іске қосылса да, қазақстандықтардың көп бөлігінің жағдайы өзгермеді. Қалаларда әрбір адамның 10 сотыққа құқы туралы қолданыстағы норма іске асып жатқан жоқ. Бұған себеп - мәселені шешуге ешкім шындап тырыспауы. Айтып отырғаным инфрақұрылым немесе жер тапшылығына байланысты емес. Бастамалар негізделе отырып қаралмады, содан екінші реттік мәселе болып қалды. Оны жүзеге асыруға ешкім жауап бермейді. Бұл ретте 20 сотық жерді беру - шығынды әлеуметтік бастама емес. Ыңғайын тапсаң, оның прагматикалық экономикалық маңызы бар", - деп қосты депутат.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс отырысында аз қамтылған отбасыларға табысын растамаса да ипотека беру ұсынылған еді. 

Талқылау