Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға табысын растамаса да ипотека беру ұсынылды

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Снежанна Имашева елімізде әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға табыс көлемін растамай тұрғын үй займын беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пәтер

"Мемлекет тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі мен әртүрлі кредит беру тетіктері арқылы тұрғын үйді өз бетінше сатып алу үшін мүмкіндіктерді үнемі кеңейтіп отырады. Мәселен, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша кірісі 3,7 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын халықтың аса осал топтарына тұрғын үй қарыздарын беру үшін 5-10-20 «Шаңырақ» бағдарламасы іске қосылды, оның операторы «Отбасы Банк» АҚ болып табылады. Алайда, бағдарламаның шарттары көпбалалы, жалғыз басты 
ата-аналар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар сияқты санаттарға қолжетімсіз",- деді Имашева Мәжілістің отырысында. 

Депутаттың мәлімдеуінше, келіп түскен 37 мың өтінімнің небәрі 1500-і ғана мақұлданған.

"Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, осы сауал арқылы сізден халықтың әлеуметтік жағынан осал санатындағы азаматтарға тұрғын үй сатып алу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді және 5-10-20 "Шаңырақ" бағдарламасының шарттарын мынадай бөлікте қайта қарауды сұраймын. Біріншіден, азаматтардың осал санаттарына тұрғын үй қарыздарын кірісін растамай, олардың төлем қабілеттілігін қосымша параметрлер бойынша бағалай отырып алуға мүмкіндік беру. Екіншіден, бағдарлама бойынша тұрғын үйді жылжымайтын мүліктің қайталама нарығынан сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету", - деп қосты ол. 

Айта кетейік, бұған дейін мәжілісмендер үйлердің бағасын бір қалыпта ұстау туралы бастама көтерген еді. 


Талқылау