Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нашар несие тарихы зейнетақы жинақтамасын алуға ықпал ете ме? Отбасы банк басшысы жауап берді

"Отбасы банк" АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова "Зейнетақының бір бөлігін алар кезде несие тарихының нашар болуы әсер етеді ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттагенттігі. 

кредит

"Нашар несие тарихы бір реттік зейнетақы төлемін беруден бас тартуға себеп болмайды. Бұл жағдайлар бір-біріне мүлде байланысты емес. Екінші кезеңде, яғни қаражат сіздің арнайы шотыңызға түскеннен кейін егер мақсаттардың бірі - жаңа ипотекалық несие алу болса, онда сіз екінші деңгейлі банктерге ең қолайлы жағдайларды іздеуге барасыз. Дәл сол кезде көбі (банктердің) сіздің қарыздарыңызды бұған дейін қалай төлегеніңізді талдауы мүмкін", - дейді Отбасы банкінің басшысы. 

Сөзінше, зейнетақы жинағын аларда азаматтың екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынасы ескерілмейді. 

"Егер өтінім берер алдында бір күн бұрын ғана басқа банк алдындағы мерзімі өтіп кеткен несиені жапсаңыз, екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынасыңызға біз қарамаймыз. Біздің нарықтық бағдарламаларға сәйкес, қарызды төлегеннен кейін, біз жаңа проблемалық қарыздар туралы басқа оқиғалар болмас үшін үш ай күтеміз. Бұл жағдайда, сіз басқа банктегі қарызыңызды төлегеннен кейін 90 күн өткен соң, сіздің несие тарихыңызда мәселе туындамайды", - деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін алу үшін толтырған өтініштерін өзгерте алатын айтылған еді. 

Талқылау