Қазақстандық Дарын Әскербек еркін күрестен Италияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті
Қазақстандық Дарын Әскербек еркін күрестен Италияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Дарын Әскербек Римде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Финалда спортшы америкалық Джексен Патрик Форрестпен кездесті”, - делінген ақпаратта.
Жекпе-жектің өте тартысты өткені айтылады.
“Дарын сайыс басында есеп бойынша жеңіліп жатты, алайда есені тез қайтарып, 11:10 есебімен жеңіске жетті”, - деп қосты Ұлттық Олимпиада комитеті.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады

