Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қанша
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің орташа есеппен қанша табыс табатыны туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша ауруханаларда дәрігердің орташа жалақысы 301 мың теңгені, емханаларда - 238 мың теңгені құрайды.
Бұл ретте медбикелердің орташа жалақысы - 185 мың теңге, емханаларда - 168 мың теңге болды.
Ал жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің орташа жалақысы - 310 мың теңге.
Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстанда 2025 жылы дәрігердің бір ставкаға шаққандағы орташа жалақысы кем дегенде 550 000 теңгені құрайтынын хабарлады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"