Қазақстандық боксшы қыз Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатын жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатындағы жарыстың кезекті күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ұлжан Сәрсенбек шаршы алаңға шықты.Ұлжан Азия чемпионатында алғашқы кездесуін украиналық Карина Вовкқа қарсы өткізді. Қазақстандық боксшы қарсыласынан төрешілердің шешімі бойынша басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуі тиіс Алуа Балқыбекова денсаулығына байланысты жарыс жолынан шығып қалған еді.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.

