Қазақстандық Дубайда брейкингтен әлем чемпионы атанды

Фото: ҰОК
Қазақстанның брейкинг құрамасының көшбасшысы Амир Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
B-boy Amir ересектер арасындағы жарыста финалға дейін жетті.
Шешуші бәсекеде Амир Закиров АҚШ өкілі Мигель Росарионы (b-boy Gravity) жеңді. Ал қола жүлде Ресей спортшысы Руслан Файзрахмановқа (b-boy Ruslan Footrockets) бұйырды.
Айта кетейік, 2024 жылы Амир Закиров Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Қазақстандық спортшы 1/4 финалға дейін жетіп, жалпы есепте сегізінші орынды иеленді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған