Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бапкер Өзбекстанға Токио Олимпиадасында "алтын" алып берді

Токио Олимпиадасында Өзбекстан Қазақстаннан өзін әлдеқайда жоғары деңгейде көрсетіп жатыр. Қазір көрші елдің қоржынында үш медаль бар, оның екеуі алтын. Алтынның бірі қазақстандық бапкер Ержас Болтаевтың шәкірті Акбар Джураевқа тиесілі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Джураевты алғашқылардың бірі болып Илья Ильин құттықтады. Ол 2011 жылдан бастап Болтаевпен бірге жаттыққан еді.

Бес жыл бұрын Рио – 2016 ойындарында Ержас Болтаев Қазақстанның ауыр атлетикадан еңбек сіңірген тренері Алексей Нимен сөзге келмей қалған болатын. Сол үшін жаттықтырушы Олимпиада аккредитациясынан айырылып, шәкірті Александр Зайчиков жарыс жолына шықпады. 

Қазір Болтаев Өзбекстан елінде олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп жүр. 



Айта кетсек, алтынды қолдан бермейтін қазақстандық ауыр атлеттер биылғы Токио Олимпиадасында екі қола мадальды қанағат тұтты. 

Ауыр атлет Зүлфия Чиншанло да 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын. Екі сайыстың нәтижесі бойынша Чиншанло 213 килоны көтерді. Жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123. 

Сондай-ақ, Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды - екі жаттығудың нәтижесі бойынша ол 294 келі салмақты көтерді. 

Талқылау