Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио Олимпиадасының жүлдегері: Ақшамның бәрін мүгедек інімнің еміне жұмсаймын

Токиодағы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон брифингте медаль үшін берілетін ақшаны інісінің еміне жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Брифингте Игорь Соннан церебралды сал ауруымен ауыратын інісі туралы ақпаратқа түсініктеме беруін сұрады.

Ауыр атлетикадан Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон өзінің ақшалай қаражатын қалай жұмсайтынын айтты.

Қазақстан билігі Ойын жеңімпаздарына медаль үшін 75-тен 250 мың долларға дейін береді.

Игорь Сонның айтуынша, інісі қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда емделіп жатыр.

"Менің інім церебральды сал ауруына шалдыққан мүгедек, қазір менің туыстарымның бәрі, анам мен әкем Кореяда інімді емдетіп жатыр. Менің міндетім – інімді аяғына тұрғызу. Өзім қалған ақшаға өмір сүремін", – деп жауап берді спортшы.

Сондай -ақ брифинг кезінде Игорь Сон оған ұпай бермеген судьялардың шешіміне түсініктеме берді. Оның айтуынша, Олимпиада төрешілері қатал және әділ болды, ал қате спортшының өзінен кеткен.

Игорь Сон үлкен спортқа 10 жасында келген. Токио ойындарында ол өзінің салмақ санатында екі жаттығу негізінде өнер көрсетіп, 294 келі салмақты алды. Осылайша үшінші нәтиже көрсетті. Оның қола медалі Қазақстан құрамасы қоржынындағы екінші жүлде.


"Олимпиадаға дейін мұндай салмақтарды көтермедім": Игорь Сон жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті

Талқылау