AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олимпиадаға дейін мұндай салмақтарды көтермедім": Игорь Сон жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті

Токиодағы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола медаль жеңіп алған қазақстандық зілтемірші Игорь Сон жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

“Ойымды жинақтауға тура келді. Қалай уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын”, – деді зілтемірші.

Игорь Сон Олимпиада еңсерген салмақтарын бұған дейін көтермегенін айтты.

“Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Басты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де, уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар. Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғаланы кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек. 

Рақмет, Қазақстан! Маған қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Алға, Қазақстан", – деді Сон.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр