Қазақстандық балуан Еуропа кубогінде топ жарды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Шерзод Давлатов Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден алынды
Шерзод Давлатов Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен Еуропа кубогінде топ жарды. 60 келі салмақты сынға түскен отандасымыз 5 белбесу өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түсті. Шерзод жартылай финалда венгриялық Нажи Дэвидті ұтса, финалда Словения спортшысы Дэвид Старкелді жеңді. Бұл байрақты бәсекеге әлемнің 29 елінен 324 татами шебері бақ сынап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін дзюдо күресінен Париж олимпиадасына жолдама алған Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

