Қазақстандық балуан еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Еркін күрес шеберлері 15 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/kazwrestling_official/
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Тайландтта өтіп жатқан 15 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Жас балуандарымыздың сегізі үздіктер қатарынан көрініп, жеңіс тұғырынан көрінді. Соның ішінде 75 келіде белдескен Әділбек Ерболатов қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақса, Бағдаулет Ағабек (38кг) пен Тамерлан Ашенов (41кг) күміс жүлдені місе тұтты. Осылайша, Дәулет Ниязбеков пен Расул Қалиев жаттықтыратын жас балуандарымыз Азия біріншілігінің 8 жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін өнер көрсеткен грек-рим күрес шеберлерінің жеті медаль жеңіп алғанын жазған едік. Алмат Кебіспаевтың шәкірттері 2 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алған еді.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр