Қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Белградта грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда түлегі А.Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Бұған дейін 26 жастағы Айдос 2018 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль алса, өткен жылы Азия чемпионы атанған еді.
Жартылай финалда қазақстандық балуан қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке 0:7 есе жіберді.
Қола жүлде үшін бәсекеде Айдос Сұлтанғали мажарстандық Кристиан Кечкеметиді 7:1 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, ол екінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Қазақстан грек-рим құрамасы (бас бапкері Серік Жұмашев) осы қола медальды қанағат тұтты.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

