Қазақстандық азамат "антикор қызметкерімен келісіп беремін" деп елден ақша алған
Қазақстандық азамат алаяқтық жолмен 35 мың доллар және бір миллион теңгені тартып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жеке қауіпсіздік департаменті алаяқтық жолмен және айдап салу арқылы Б. деген азаматтың 35 000 АҚШ доллары және 1 миллион теңге сомасындағы ақшасын алған Т-ны әшкереледі. Т. бұл соманы күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне берем деп алдаған.
18 наурызда Т. ұсталып, қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізеді, оның ішінде өз қатарындағы жемқорлықты да әшкерелейді" делінген хабарламада.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды