Дәрігерлер қазақстандық әйелдерге коронавирусқа байланысты жүктілікті кейінге жоспарлауға кеңес берді

Қазақстандық дәрігерлер елімізде ана өлімі көбейіп келеді деп дабыл қағуда. Жыл басынан бері 136 жүкті әйел қайтыс болыпты. Себебі, пандемия кезінде оларға уақытылы көмек көрсетілмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеп хабарлайды.  

Әйел жүкті екенін толғағы қысқанда біліп, үшемді өмірге әкелді

Дәрігерлер екінші толқын кезінде жағдай қайталануы мүмкін деп қорқады. Оның үстіне ерлер денсаулғына да қауіп төніп тұр. Коронавирус ер адамның ұзақ уақыт бойы әке болу мүмкіндігінен айырады. 

Қарлығаш Арғымбаева осы жылдың шілде айында жүктілік кезінде екі жақты пневмониямен ауырған. Осы диагноздан кейін әйел үшін нағыз қорқыныш басталды. Петропавл ауруханалары лық толды. Қаланың ауруханаларының ешқайсысында болашақ ананы жай қабылдаған жоқ. Оның және баланың денсаулығына қауіп төнді.

"Коронавирустың белгілері: жөтел, температура, тағы басқалары болды. Жедел жәрдемге шақырдым. Олар келіп, тексеру жүргізіп, емханаларға, ауруханаларға қоңырау шалғанымен, еш жерде орын болмады. Оларды да түсінуге болады, олар бала үшін де, мен үшін де қорықты, баланың өмірі үшін қорықты", - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Қарлығаш Арғымбаева.

Бақытымызға орай, Ағымбаеваға әзер дегенде ауруханалардың бірінен орын табылып, дені сау бала босанды. Бірақ барлық босанған әйелдеге мұндай бақыт бұйырмайды. Ауруханаға жету үшін кейбіреулер "от пен судан" өтуге мәжбүр. Нәтижесі көңіл көншітпейді дейді репродуктивті медицина қауымдастығының басшысы.

Пандемия кезінде ана өлімі төрт есе өсті. Жыл басынан бері 136 жүкті әйел қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда  бұл көрсеткіш жүз есе аз болатын.

"Денсаулық сақтау органдарынан нақты шешім болмады, яғни перзентханалар кейді жұқпалы аурулар ауханасы десе, содан кейін провизорлық деп жатты. Әйелдер босану үшін  осы ауруханаларды аралап шығуы керек болды. Жүкті әйелдер, олар жұқтыру қаупі бар топ болғандықтан, оларды қабылдамады, ПТР талап етті, оған уақыт кетті, ауруханаға кеш жатқызылды", - дейді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Қазақстан Президенті қазан айының басында ана өлімі бойынша көңіл көншітпейтін статистиканы жариялады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы жүкті әйелдердің өлімі үшін әкімдерді жауапқа тартуға шақырып еді. 

"Ерлердегі жыныс бездерінің зақымдануы КВИ-мен ауыратын науқастарда болуы мүмкін. Бағдарламада болған және КВИДІ жеңіл дәрежеде қабылдаған ер адамдарда алғашқы айда сперматозоидтардың жоқтығын байқадық. Әрине, сәби күтіп жүрген жастар әлеуметтік белсенді болса бір бірінен қашып жүре алмайды. Сондықтан коронавирустың кеткенін күту керек сияқты", - дейді Вячеслав Локшин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр