Қазақстандық әйел Қырғызстаннан қуылып, төрт баласы балалар үйіне жіберілуі мүмкін – БАҚ
Қазақстандық әйел Қырғызстаннан қуылып, төрт кішкентай баласы Бішкектегі балалар үйіне жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.

“Бішкек қалалық сотының сот алқасы Қазақстан азаматын Қырғызстаннан шығарып жіберді, ал оның төрт кішкентай баласы Бішкекте қалды. Олар балалар үйіне жіберілуі мүмкін. Қазақстандық азамат көмек сұрап жатыр”, – делінген хабарламада.
Басылым жариялаған видеода әйел балалардың бірінің екі айлық сәби екенін, ал қалғандары 2 жас, 8 жас және 10 жаста екенін айтады.
“Полиция сотқа шешім шығарар алдында келді. Олар әйелді елден күштеп алып кетеді”, –делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы облысындағы №1балалар үйінде тәрбиешілер ата-анасыз қалған балаларға берілетін әлеуметтік төлемдерді ұзақ жылдар бойы ұрлап келгенін жаздық. Іс сотқа жетіп, түлектерге 52,4 миллион теңге ақша қайтарылды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”