Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы балалар үйінен жымқырылған 52 миллион теңге түлектердің өзіне қайтарылды

Алматы облысындағы №1балалар үйінде тәрбиешілер ата-анасыз қалған балаларға берілетін әлеуметтік төлемдерді ұзақ жылдар бойы ұрлап келген. Іс сотқа жетіп түлектерге 52,4 миллион теңге ақша қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан скринделген

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин TikTok желісінде жақсы жаңалықты бөлісіп, балалар үйінің түлектерінің мекеме қамқорлығында болған кезінде өз шоттарынан ұрланған ақшаларын қайтарғанын хабарлады.

2021 жылы шілде айында әлеуметтік педагог Мұстафина істеген ісі үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылып,  27 тәрбиеленушіге 52,4 миллион теңге көлемінде материалдық залал төлеуге міндеттелген. Алайда бұл шешім осы уақытқа дейін еш орындалмаған.

Құқық қорғаушының айтуынша, "Үй " қоры мен Бала құқығын қорғау басқармасы осы мәселемен түрлі шенеуніктерге жүгінген. Алайда тек өткен жылдың маусым айында президентпен кездесу кезінде Аружан Саинның Тоқаевқа жолдаған хатынан кейін ғана тиісті органдар істі бақылауға алған.

“2023 жылдың күзінде ұрланған қаражатты балаларға Алматы облысының әкімдігі өтейді және кейіннен сотталған адамнан өндіріледі деген сот шешімі қабылданды. Осы жылдың қаңтар айында біз сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының әкіміне хат жолдадық.

Сонымен өткен аптада балалардың шоттарынан ұрланған ақша аударылды. Төрт жылға жуық уақыт бойы күресіп келіп, әділдік орнағанына өте қуаныштымыз!”, – деді белсенді. 

Аружан Саин осы тұста командасына, президент әкімшілігіне, бас және облыстық прокуратураға, Алматы қаласының соты мен Алматы облысының әкімдігі қызметкерлеріне алғысын айтты. Одан бөлек, ақшасыз қалған кезде балаларға қаржылық қолдау көрсеткен банктерге де ризашылығын білдірді.

“Балалардың алдағы өмірінде бәрі жақсы болғанын қалаймын. Олар бұл ақшаны ақылмен басқарады. Кейбір пәтерлерін жөндеуге, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, енді бірі оқуға жұмсағысы келеді. Не болса да, өмірлеріңізде әрқашан тек жақсы адамдар кездессін дегім келеді”, – деп қосты ол. 



“Менің атым Зода. Біз төлем алғанымызға өте қуаныштымыз. Ең бірінші біз үшін аяғына дейін күрескен Аружан Саинға алғысымызды айтамыз. Біздің құқығымыздың қорғалып, бізге қаражаттың төленгеніне қуаныштымыз. Алдағы уақытта ақшамызда қайда жұмсағанымызды айтамыз. Көбі мемлекет берген пәтерлеріне жөндеу жүргізуге пайдаланатындарын айтып жатыр. Кейбірі оқуға жұмсайды екен. Біз өте қуаныштымыз. Бізді қолдап, құқығымызды қорғағандарыңызға рахмет”, – деді түлектердің бірі Зода. 

Балалардың құқығын қорғаушы әлі төрт баланың сот шешімі осы аптада шығатынын алға тартты.

“Балалар үйінің түлектері үшін бұл қаражат өте қажет. Себебі барлығы бірдей баспанамен қамтылған жоқ. Кейбірі пәтерде тұрады, кейбірі оқуына төлейді. Қасыңда қолдайтын жақыны жоқ адамға бұл өмірде қиынырақ. Сондықтан бұл керемет жаңалық болды”, – деп қорытты Аружан Саин.

@aruzhan.sain

Рады поделиться замечательными новостями: выпускники детского дома № 1 в Алматинской области наконец-то получили свои деньги, которые были похищены с их счетов во время пребывания в детском доме. Эти средства-выплаты и социальные пособия для детей, оставшихся без родителей, незаконно присваивались на протяжении многих лет. В результате расследования в июле 2021 года соцпедагог Мустафина М.С. была приговорена к 7 годам лишения свободы с взысканием материального ущерба в размере 52,4 млн тенге в пользу 27 воспитанников. Это решение до недавнего времени так и не было исполнено. Наш Фонд «ДОМ», команда УПР на протяжении этих лет продолжали бороться за выпускников и обращаться к чиновникам всех уровней. На встрече с Президентом в июне прошлого года я передала письмо на имя Касым-Жомарта Кемелевича и рассказала о том, что права детей нам так и не удается защитить. Ситуация была взята на контроль АП и ГП. Было принято решение о том, что похищенные средства детям возместит акимат Алматинской области, и в последующем взыщет в осужденной. Судебное решение об этом было принято осенью 2023 года. В январе этого года мы отправили письмо акиму Алматинской области с целью обеспечить исполнение решения суда. И вот, на прошлой неделе детям были перечислены похищенные с их счетов деньги. Почти четыре года мы сопровождали эту ситуацию, и очень рады, что справедливость ссостоялась! Благодарю от команды нашего фонда и от имени ребят сотрудников Администрации Президента, Генеральной и Областной прокуратур, суд г. Алматы и акимат Алматинской области. Да, мы и ругались, и спорили, писали жалобы, но главное – результат. Огромное спасибо @kaspi.kz и halykbank.kz , которые оказали финансовую поддержку выпускникам детского дома, когда они остались без денег. Эта поддержка стала критически важной для многих выпускников. Ребятам хочу пожелать, чтобы у них в жизни все складывалось хорошо, чтобы они разумно распорядились этими деньгами. Кто-то их хочет потратить на ремонт, на улучшение жилищных условий, кто-то на обучение. В любом случае, пусть вам в жизни всегда встречаются теперь только добрые и хорошие люди, и вы сами становитесь теми, кто будет помогать другим ребятам, попавшим в беду

♬ оригинальный звук - Aruzhan Sain

Еске салсақ, Алматы облысында жетім балалардың шотынан 68 миллион теңге ұрланып, істің сотқа жолданғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау