Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 60 жастағы ер адам өзгенің 2 баласына алимент төлеп келген

Алматы облысы Кеген ауылының тұрғыны Жақсылық Әбдәкімов өзгенің екі баласына алимент төлеп жүр. 60 жастағы азамат 2020 жылы жүкті келіншекпен көңіл қосып, 1 айдан кейін ажырасыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Көреміз бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

40 жасар әйел Жақсылықпен 1 ай тұрып, өзге күйеуге кетіп қалыпты. Анар Әбдірахманова екінші күйеуінен ұл босанып, оны да Жақсылық Әбдәкімовтың атына тіркеп қойған. Баспанасы жоқ жалғызбасты ақсақал қазір құжат бойынша екі баланың әкесі саналғандықтан, оларға алимент төлейді. 

Бұрын ер адамның әйелі көз жұмыпты. Өз баласы болмағандықтан, алпысты алқымдап отау құрғысы келген. Бижан ауылында класстасы оны біреумен таныстыратынын айтыпты. Сөйтіп ол келіншектің перзентханада екенін айтқан.

“Оны перзентханадан күтіп алдым. Үйленемін деп балаға өз тегімді бердім. “Әкесімін” деп айттым. Үлкен үйге яғни ағам мен жеңгемнің шаңырағына апардым”, – деді Әбдәкімов.

Олар сол үйде 20 күн тұрыпты, әрі қарай бөлек шықты. Жақсылық Әбдәкімов фазендаға жұмысқа тұрып, күніне 1 қой алатын болған. Алайда 2 күннен соң Анар кетіп қалыпты. Содан кейін хабарсыз, ал Жақсылық 2 балаға алимент төлеп келді.

Анар Әбдірахманова бұрынғы күйеуін жуас дейді. Сөзінше, үлкен үйдегі тәтесі мен абысы күн көрсетпеген. Ол, сондай-ақ, фазендаға баруға қарсы болған. Айтуынша, бүйрегі ауырады әрі дала жұмысы ол үшін ауыр боп көрінген.

“Мен алиментті талап етпеймін, ешқандай шағымым жоқ деп айттым. Ал Жігерді босанатын кезде Түрксібте маған “ажыраспағансың, сондықтан заң бойынша күйеуінің тегі беріледі” деді”, – деді ол.

Анар 3 жасар қызы Маржан балалар үйіне өтіп кеткенін айтады. Әйел ішімдік ішетін болғандықтан, ата-ана құқығынан айырылған. 

“Пәтер жоқ, жұмыс жоқ деп баламды тартып алды. Оны 1 жыл 2 ай көрмедім”, – дейді ол.

Әйел көшеде мас күйінде баламен табылған. Баланың жаялығы су-су болыпты. Маржаннан кақыл-ой кемістігі мен жүйке жүйкесінің зақымдалғаны анықталған.  Осыдан кейін Анар 5100 теңге, ал Жақсылық 6500 теңге төлеуі тиіс болған. 

Алайда балалар үйіндегілер Маржанның онда жоқ екенін айтты. Оны өзгелер асырап алыпты.

Журналистер араласқан соң Маржанға алимент төлеу тоқтатылды. Заңгерлермен бірігіп, тегін алып тастау шаралары жасалған. 

Талқылау